Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы көпбалалы аналар табысты бизнес-ханымға айналуда

Опубликовано:

Айнұр Кенжеғалиқызы
Фото: Айнұр Кенжеғалиқызының жеке мұрағатынан

Олар өз бизнесін дамыту мүмкіндігіне ЕХӘҚМ желісі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың арқасында жетіп отыр.

Көпбалалы аналар жәрдемақылардан бөлек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттар алып, шағын жеке меншік кәсіпорындар ашуда, деп хабарлайды NUR.KZ.

Оралдық Айнұр Кенжегалиева жеті бала тәрбиелеп отырған ана. Отбасы әлеуметтік аз қамтылған болып саналады. Сондықтан көпбалалы ана мемлекеттен балаларға жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алады.

"Жәрдемақы аламыз, бірақ өзіміз де еңбек етуіміз керек. Мен өздігімнен ақша тауып, балаларымды бағу үшін өз ісімді бастау керек екенін, ал бұл үшін қандай да бір қолдаудың қажет екенін түсіндім", - дейді Айнұр.

Жыл басында ол әлеуметтік қорғау қызметкерлерінен 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама туралы білген. Аталған бағдарлама аясында бизнесін жаңадан дөңгелете бастағандарға қолдау көрсетіледі. 2020 жылдың мамыр айында Айнұр Кенжегалиева өзінің бизнес-жобасын жасап, 555 600 теңгеге тең қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл қаражатқа ол ас үй жабдықтарын, тоңазытқыш сатып алып, манты, тұшпара, котлет секілді жартылай фабрикат өнімдерін жасай бастады.

Тұшпара
Фото: Айнұр Кенжеғалиқызының жеке мұрағатынан
"Мұндай бизнес бастау идеясы менде бұрыннан болған. Бірақ өз ісімді бастап, дамыту үшін сәл қолдау керек болған. Бұл грант маған үлкен көмек болды. Мен өзіме қажетті жабдықтар сатып алдым. Қазір карантин салдарынан, әрине, сатылымдар азайған. Бірақ, аз да болса сатып алушылар бар", - дейді кәсіпкер.

Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны, бес қызды тәрбиелеп отырған Надежда Малайдарова да өз ісін бастау туралы шешім қабылдаған. Алайда ол бизнесін тігін саласында бастамақ болған. Ол жергілікті әлеуметтік қорғау басқармасынан өз ісін ашуға берілетін мүмкіндіктер туралы естіген.

Көпбалалы ана «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы бизнесті жүргізуге үйрететін «Бастау» курсынан өткен. Ал 2019 жылы күзде ол грант ұтып алған.

Надежда Малайдаровна
Фото: Надежда Малайдаровнаның жеке мұрағатынан
"Менің тігінге деген қызығушылығым бұрыннан бар. Енем маған көп нәрсені үйретті. Екеуіміз бірге отырып алып, қыздарыма күнделікті киетін киім, мерекеге киетін көйлектер, жаңажылдық костюмдер тіегітнбіз. Кейде тапсырысқа тігіп жүрдім. Мен жақсы кәсіби тігін машинасын алғым келетін. Ал осы гранттың арқасында бұл арманым орындалды", - дейді Надежда Малайдарова.

Қазіргі күні бастаушы бизнес-ханымның ісі дамып, күш алып келеді. Карантин кезінде көйлектердің орнына ел маскалар тігуге тапсырыс беретін болды. Шебер тігіншінің айтуынша, бүгінгі күні қалыңдық жасауын, әсіресе көрпелер, ұлттық оюы бар түрлі құрақтар, дөңгелек төсеніштерге, сондай-ақ өзге де көптеген ұлттық киім мен интерьерлік өнімдерге деген тапсырыс көп.

"Ең бастысы – өз ісіңді бастауға қорықпау. Көпбалалы аналар көп жағдайда қорқынышқа бой алдырып, қолымнан келмей қалады, тәжірибем, білімім жоқ деп артқа тартады. Өз күшіңе, өзіңе сену керек. Оның үстіне мемлекеттің өзі ісін жаңадан кәсіпкерлерге осындай қолдау көрсетіп отыр", - деп ойын білдірді Надежда Малайдарова.
Надежда Малайдаровна
Фото: Надежда Малайдаровнаның жеке мұрағатынан

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2020 жылдың 8 айында жалпы ел бойынша 430 мың адам «Еңбек» бағдарламасына қатысқан. 279,8 мың адам жұмыспен, олардың 146,7 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған. Субсидияланатын жұмыс орнымен 159,8 мың адам қамтылған.

Одан бөлек, бизнес-идеяларды дамыту үшін 6 984 жеңілдігі бар, 20,4 мың қайтарымсыз гранттар берілген. Кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқаша оқыту бағдарламасынан 28,4 мың азамат өтуде.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 8 мың АЕК-ға тең немесе 22 224 000 теңге көлеміндегі жеңілдігі бар несиелер (несиелеу мерзімі 5-тен 7 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме 6%-ға тең) және 200 АЕК немесе 555 600 теңгеге тең қайтарымсыз гранттар берілуде.

Балалары бар отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі өз ішіне бірнеше бағытты қамтиды. Біріншісі – бала тууды ынталандыру және отбасындағы балаларды тәрбиелеуге атсалысу:

  • Бірінші, екінші, үшінші баланың өмірге келуіне байланысты төленетін жәрдемақы – 105 564 теңге (38 АЕК), төртінші және одан көп балаларға – 175 014 теңге (63 АЕК).
  • жұмыс істемейтін әйелдерге бала бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы. Биыл бірінші балаға арналған жәрдемақы көлемі 5,76 АЕК – 16 002 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК – 18 919 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК – 21 808 теңге, төртінші және одан да көп балаға 8,90 АЕК – 24 725 теңге.
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға (ер немесе әйел адам болуы мүмкін), қамқоршыға бала кәмелет жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы – 45 736 теңге (күнкөріс минимумының 1,4-на тең).
  • бала кезінен бірінші топтағы мүгедек саналатын тұлғаны күту үшін берілетін жәрдемақы – 45 736 теңге (КМ 1,4і)

Екінші бағыт – көпбалалы аналардың беделі мен абыройын арттыру:

  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе осыған дейін алған «Батыр ана», І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар көпбалалы аналарға кірісті есепке алмастан төленетін, ай сайынғы жәрдемақы - 17 780 теңге.
  • 1.01.2020 жылдан бастап тағайындалған, 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақы. 4 балалы отбасыларға 16,03 АЕК – 44 532 теңге, 5 балалы отбасыларға 20,04 АЕК – 55 672 теңге, 6 балалы отбасыларға 24,05 АЕК – 66 811 теңге, 7 балалы отбасыларға 28,06 АЕК – 77 951 теңге, 8 немесе одан да көп балалы отбасыларға – әр балаға 4 АЕК – 11 112 теңгеден.

2020 жылдың басынан бастап, балалары бар отбасыларға төленетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемі 10%-ға өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876324-kazakstandagy-kpbalaly-analar-tabysty-biznes-hanymga-ajnaluda/

pixel