Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы таныстырылды

Опубликовано:

49856
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда күніне орай облыс әкімі Гүлшара Әбіқалықова мен қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік бағдарлама аясында қайта жаңғыртудан өткен Сыр өңірінің сұлу символына айналған "Сыр Ана" монументіне барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі "Сыр Ана" алаңындағы қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысып, қала тұрғындарына арнайы құттықтау сөзін жолдады.

"Биыл Қызылорда қаласының 202 жылдығын атап өтудеміз. Облыс орталығы күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық өсу мен қатар қаланың аумағы да үлкеюде. Жаңадан мөлтек аудандар бой көтеріп, Сырдария өзенінің сол жағалауы да қарқынды дамуда. Міне бүгін бірнеше нысанды пайдалануға берудеміз, барлығы ел игілігіне қызмет ететін болады. Мереке құтты болсын!" – деп барша қызылордалықтарды құттықтады аймақ басшысы.
295465
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

"Жұмыспен қамту жол картасына" сай жаңғыртудан өткен "Сыр Ана" монументінің аумағында 3 мыңнан аса шаршы метр жер көгалдандырылып, ағаш көшеттері, газон төсеу жұмыстары жүргізілген. Монумент маңындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, 2 спорттық ойын алаңы салынған. Заманауи үлгідегі 2 субұрқақ 2012 жылы бой көтерген әсем ғимараттың ажарын айшықтай түскен. Кешен қала тұрғындары мен қонақтарының жиі баратын демалыс орнына айналып та үлгерген.

654623
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала күнінде пайдалануға берілген келесі нысанның бірі шаһар орталығындағы балалар ойын алаңы. Балаларға қуаныш сыйлаған спорттық алаңқай "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында салынған. Мұнда спорттық жаттығуға арналған құрал-жабдықтар мен футбол алаңы салынған. Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мереке аясында табысталған ойын алаңын көріп, тұрғындарды қала күнімен құттықтап, балаларға теңбіл доп сыйға тартты.

656223
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Өз кезегінде көп балалы ана Тамаша Әбілқасымова тұрғындар атынан алғыс айтып, осындай алаң салынып, балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізетінін және өз ризашылығын жеткізді.

15965
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Айта кетейік, ағымдағы жылы қалада 3 жерге стритбол және спорттық жаттығу алаңдары мен қала аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларына 30 ойын алаңын салу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл нысандардың құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қала бойынша 60-тан аса ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876443-kyzylordada-memlekettik-bagdarlamany-iske-asyryluy-tanystyryldy/

pixel