Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласында базар өртенді (видео)

Опубликовано:

498656
Кадр видеодан алынды: instagram.com/mnewskz

Таңертең Ақтаудағы "Масат" азық-түлік базарында өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды үш сағат ішінде сөндірді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. Сауда нысанында 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранды. Жалпы 750 шаршы метр аумақты жалын шарпыған.

Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілді. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника бірлігі жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, дәл осы базар 2017 жылғы 1 қаңтарда өртенген болатын. Ол кезде өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.

Бұған дейін Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болғанын хабарлағанбыз. Онда жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранған.

Сондай-ақ 17 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласында көпқабатты үйдің астындағы "Бақыт бургер" жедел тағам дайындау орталығы өртенгенін жазған болатынбыз.

Өрттің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаумен күресуге қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 30 адам және сегіз өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Бургер орталығының жанында болған барлық тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876474-aktau-kalasynda-bazar-rtendi-video/

pixel