Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде COVID-19-дан көз жұмғандар саны миллионнан асты

Опубликовано:

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Әлем елдерінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны миллионнан асты. Коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайы бір жылдан аз уақыт бұрын, яғни 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Worldometers онлайн-дайджестінің мәліметтері бойынша, 28 қыркүйек күні таңертеңгі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны әлемде 33,3 миллион адамды құрады, ал 24,6 миллион адам қауіпті аурудан айығып шықты.

28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустан жапа шеккендер саны дүниежүзінде 1 002 383 адамды құрайды.

Инфекциядан қайтыс болғандар саны бойынша "көшбасшы" болып - АҚШ 209,5 мың (өлім), Бразилия - 141,7 мың (өлім), Үндістан - 95,5 мың (өлім) тұр. Қазақстанда, ресми мәліметтер бойынша, коронавирус салдарынан 1699 адам қайтыс болды.

Коронавирустан қайтыс болғандарға арналған онлайн-дайджесттің анти-рейтингінде еліміз 44-орында.

РИА Новости хабарлауынша, ДДСҰ пандемия аяқталғанға дейін әлем коронавирус кесірінен тағы миллион адамнан айырылатынын жоққа шығармайды. Ұйым болжамынша, тиімді вакцинаның пайда болуы ғана жағдайды құтқара алады, бірақ бұл біраз уақытты қажет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 27 қыркүйекте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның иммунитеті қаншалықты мықты болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876531-lemde-covid-19-dan-kz-zmgandar-sany-millionnan-asty/

pixel