Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күдікті азамат секіріп өлді: Марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады

Опубликовано:

Әкесі1
Видеодағы кадр: YouTube.com/Isocard Kazakhstan

Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп, қайтыс болған күдіктінің әкесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Аталмыш видео желіде жарияланды. Сапарғали Қоныспаев өзінің химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры екенін айтты. Ол – қайтыс болған Ерлан Қоныспаевтың әкесі.

Қоныспаевтың айтуынша, оның ұлына қатысты қылмыстық іс олардың жанұясының соңғы 30 жылда жасаған жұмысына байланысты ашылған. Ер адам бұл іс ойдан шығарылған деп отыр.

Оның айтуынша, үйде тінту және тәркілеу жұмыстары жүргізілген.

"Мұның бәрі моральдық қысыммен, кәсіби және адами қадір-қасиеттерді қорлаумен қатар жүрді" - дейді Қоныспаев.

Ол сондай-ақ 22 қыркүйекте болған оқиға байланысты өз нұсқасын айтты.

Ер адам қайғылы оқиға болған күні оның баласын Экономикалық тергеу департаментіне алдап шақырып алған деп санайды. Қоныспаевтың айтуынша, тергеуші ұлына қылмыстық істің жабылғандығы туралы хабарлаған.

Марқұмның әкесі ұлының өлімі туралы түнде білгенін айтады.

Әкесі ұлын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген деп мәлімдейді. Автордың айтуынша, Ерлан Қоныспаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс үнемі бір бөлімнен екінші бөлімге ауысып, баптар өзгертілген. Марқұмның әкесі "кісі өлтіру" қылмысы орын алды деп санайды.

Қоныспаевтың айтуынша, марқұм ұлының артында үш баласы қалған. Ол Ерланның білімді адам болғанын, бірнеше жоғары білімі болғанын, Францияда оқығанын, 5 тілді білгенін атап өтті.

"Мен қазірдің өзінде өзімнің, отбасымның, қызметкерлерімнің өміріне алаңдаулымын. Осы істі бақылауға алуыңызды өтінемін. Мен әділ тергеуді қалаймын. Бұл оқиғадағы шындық мен үшін аса маңызды", – дейді ер адам.

Еске салсақ, Алматыда үй тонап, кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлады деп күдіктелген ер азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу кезінде 12 қабаттан секіріп кеткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876677-kdikti-gimarattan-sekirip-ldi-markmny-kesi-nazarbaev-pen-tokaevka-ndeu-zoldady/

pixel