Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы тұрғындарын шошытқан дыбысқа қатысты әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Алмалыбақ ауылының тұрғындарын үрейлендірген дыбыстарға қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Талиповтың айтуынша, бұндай дыбыстардың себебі себебі - газ құбырындағы жөндеу жұмыстары екен.

"Құбырларды ауа беру арқылы тексеру жүргізілді, нәтижесінде сондай дыбыс естілді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, желі қолданушылары кеше сағат 22.00-де қорқынышты дыбыспен бейнероликтер жариялай бастады. Шуды Қаскелең мен Долана тұрғындары да естіген.

"Алмалыбақ жақтан осы дыбыс естілді. Қатты қорқып кеттік. Бір сағатқа жуық уақыт бойы естілді", - деп жазды желі оқырмандары.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жол апаты салдарынан 5 жасар сәби қайтыс болған еді.

17 қыркүйек күні Жұмабаев көшесімен Озерная көшесінен Мехколонна көшесі бағытында келе жатқан КамАЗ-65115 автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Сондай-ақ, Алматыда көлік қаққан ер адам ғажайыптың күшімен аман қалған еді. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады.

Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған. Бейнежазба кадрларынан бір көліктің екінші көлікке жол бермегенін анық көруге болады.

Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876680-almaty-oblysy-trgyndaryn-sosytkan-dybyska-katysty-kimdik-zauap-berdi/

pixel