jitsu gif

Құс тұмауы: Қостанай облысындағы фабрикада жарты млн тауық жойылады

Тауық1
Көрнекі фото: Costfoto/Barcroft Media via Getty Images

Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы құс фабрикаларының бірінде 500 мыңнан астам тауық пен балапан құс тұмауына байланысты жойылудың алдында тұр. Бұл туралы Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божко өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Ол Арқалықтың маңында орналасқан құс фабрикасында өкінішке орай құс тұмауы расталғанын атап өтті.

Максим Божконың айтуы бойынша, осы кәсіпорына жұмыртқа жөнелту бір апта бұрын, яғни осында ірі көлемде құстар қырылғаннан кейін бірден тоқтатылған.

Аса жұқпалы аурудың таралуын болдырмау үшін қырылу басталғанға дейін 502 мың бас болған жұмыртқа әкелетін тауықтар және балапандардың 100 пайызын жою қажет болады. Кәсіпорынға келтірілген шығындар есептеледі.

Сондай-ақ, қауымдастық басшысы Шаңырақ тобының ("Курочка Ряба" сауда маркасы) Ақмола және Қарағанды ​​облыстарындағы басқа зауыттарында жағдай тұрақты екенін ресми түрде мәлімдеді.

Қалыпты түрде қырылу жағдайы жоқ.

Құстарға вакцина егілді, жұмыртқа мен ет тоқтаусыз жөнелтіліп жатыр. Ветеринариялық құжаттар өнімнің қауіпсіздігін растайды.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған. Осыған сәйкес аймақта 18 ауыл карантинге жабылды.

Оған қоса, Қарағанды облысының үш ауылында құс тұмауының өршуіне байланысты карантин жарияланды.

Сондай-ақ, Қостанай облысында құс тұмауының өршуіне байланысты үш аудан карантинге жабылды. Ветеринарлар қазір үй-үйді аралап, ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп жатыр.

Құс тұмауы: Қостанай облысындағы фабрикада жарты млн тауық жойылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.