Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көлік бір сағатқа кеш жүретін болады

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

29 қыркүйектен бастап Алматыдағы қоғамдық көліктер бұрынғы жұмыс режиміне - сағат 06: 00-ден 23: 00-ге дейін оралады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматыдағы көлік холдингінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Осы аптаның сейсенбісінен бастап Алматыдағы қоғамдық көліктер қайта сағат 06: 00-ден 23: 00-ге дейін жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, карантин кезеңінде кесте бір сағатқа қысқартылды. Сондай-ақ, жақында Алматы көшелерімен ақысыз Wi-Fi желісі бар автобустар жүре бастайтыны туралы бұрын хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елорда көшелеріндегі қозғалысқа өзгеріс енгізілгенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін біз елордада өткен демалыс күндері автобустардың тек сенбі күні қатынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Ұлыбританияда бетперденің орнына бетіне жылан орап алған азаматтың көпшілікті таң қалдырғаны туралы жазған едік.

Солфорд ауданында болған бұл жайт жұрттың таңданысын тудырған деп жазады dailymail.co.uk басылымы. Ер адам Суинтоннан Манчестерге автобуспен жету үшін масканың орнына бетін жыланмен бүркуді жөн санапты. Онымен қоймай, ер адам жыланды мойнынан шешіп, автобус ішінде жорғалауға мүмкіндік берген.

Бір қызығы. автобус жолаушылары бұл жайтқа сабырмен қараған. Тіпті мұны қызық жайт деп тапқандардың қарасы басым. Кейбірі басында ер адам жыланға ұқсас ерекше маска киіп отыр деп ойлап қалған. Алайда маска өздігінен қозғала бастағанда, оның тірі жылан екенін ұғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876713-almatyda-kogamdyk-klik-bir-sagatka-kes-zretin-bolady/