Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық азамат алименттен қашқан өзге адам үшін Сadillac Escalade көлігінен айырылды

Опубликовано:

авлвд
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ЖКС РП

Сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары алиментке 2,3 млн теңге қарыз болып қалған ер адамға тиесілі көлікті алып қойды. Алайда көлікті басқа астаналық азаматтың сатып алып, бірақ құжаттарын жасатпағаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстанның Нұр-Сұлтандағы жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2012 жылы сот елорда тұрғынын өз баласына табысының бір бөлігін беруге міндеттеген. Ер адам бастапқыда алимент төлеп, кейінірек мүлдем төлемей қойған.

Осыдан соң өткен жылдың мамыр айында сот оған іздеу жариялаған.

Сот орындаушыларының анықтауынша, борышкердің жеке меншігінде тек Cadillac Escalade жол талғамайтын көлігі болыпты. Оның автонарықтағы бағасы 10-15 млн аралығында.

"Сергек" камералары арқылы полицейлер машинаны анықтаған. Көлікті тапқанымен, рөлде борышкер отырмаған.

Анықталғандай, жүргізуші көлікті делдалдар арқылы сатып алған. Дегенмен ол құжатарын жасатуға асықпай, салдарынан көліктің иесі ретінде базада борышкер тұрған.

Автокөлік алимент төлемеген борышкердің атында болғандықтан, ол айып тұрағына қойылған. Енді көліктің жаңа иесінің сотқа жүгінуіне тура келеді. Басылымның жазуынша, жол талғамайтын көлік баланың алдындағы қарызын өтеу үшін аукционда сатылмақ.

Еске сала кетсек, Павлодарда бір жыл бойы үш баласына алимент төлемеген әйелге іздеу жарияланып, келіншек полиция бөлімшесіне жеткізілген еді. Енді ол жыл ішінде жиналған қарызын өтеуі керек.

Айта кетейік, Нұр-Cұлтанда күйеуі тастап кеткен 7 баланың анасы таксист болып жұмыс істеп жүргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876748-astanalyk-azamat-alimentten-kaskan-zge-adam-sin-sadillac-escalade-kliginen-ajyryldy/

pixel