Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудегі мектептерде COVID-19-ға байланысты екі апталық демалыс жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мәскеу мэрі Сергей Собянин коронавирусқа байланысты күзгі демалыстың мерзімін ұзартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейдегі мектептерде бірінші тоқсан жүріп жатыр. Мәскеу мэрі COVID-19 инфекциясының қаупін азайту үшін күзгі демалыстың күндерін ұзартуға шешім қабылдады.

Демалыс 7-11 қазан аралығында өтуі керек еді.

"2020 жылдың 5 қазанынан бастап 2020 жылдың 18 қазанына дейін жалпы бастауыш, негізгі жалпы, орта жалпы білім, қосымша білім беретін, спорттық дайындықты жүзеге асыратын, құрылтайшының функциялары мен өкілеттіктерін Мәскеу қаласының атқарушы органдары жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының студенттері үшін демалыс белгіленсін", — делінген құжатта.

Алайда балабақшалар әдеттегідей жұмысын жалғастыра береді.

Мектеп оқушылары барлық демалыс уақытын өз қалауы бойынша пайдалана алады, оларға қашықтан оқыту енгізілмейді.

Қала басшысы демалыс уақытында өткен сабақты қайталауға, далада, саябақта немесе ашық аспан астында серуендеуге кеңес берді.

Мұндай шаралар Ресей астанасында коронавирусты жұқтыру қаупін азайту мақсатында қабылданды. Көптеген бала COVID-19 симптомсыз тасымалдаушысы болып табылады және оны ересектерге оңай жұқтыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың бас санитар дәрігері онлайн брифингте қалада қандай жағдайда қатаңдатылған карантин қайта енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Ал бұған дейін ол қалада оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус дертін жұқтырудың алты жағдайы тіркелгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1876866-mskeudegi-mektepterde-covid-19-ga-bajlanysty-eki-aptalyk-demalys-zarialandy/

pixel