Қазақстанда тағы 75 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 75 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 107 908-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстанда өткен тәулікте 75 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 16
Алматы қаласы - 5
Ақмола облысы - 1
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 3
Атырау облысы - 5
Шығыс Қазақстан облысы - 22
Батыс Қазақстан облысы - 3
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 2
Павлодар облысы - 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 5
Айта кетейік, коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцина жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.
Белгілі болғандай, бірқатар вакцина клиникалық сынақтардың бірінші және екінші кезеңіне рұқсат алған.
Сондай-ақ, бұған дейін әлем елдерінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны миллионнан асқанын хабарлағанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876952-kazakstanda-tagy-75-adamnan-koronavirus-anyktaldy/