Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда күзгі каникул қашан басталады

Опубликовано:

Фото
Фото: Артем Букреев/Орал апталығы

Қазақстанда күзгі каникулдың мерзімі өзгермейді, бұған дейін белгіленген уақытта өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Каникулды ауыстыру жоспарланбаған. Ол бірінші тоқсанның соңында, қарашаның 5-нен 15-не дейінгі аралықта өтеді", - деп жауап берді Білім және ғылым министрлігінің мамандары.  

Айта кетейік, осыған дейін дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі ата-аналар чаттарында каникул қазанның бесінен он сегізіне дейінгі аралыққа ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болған. Алайда ведомство ол шындыққа жанаспайды деп отыр.

Еске сала кетсек, елорданың кезекші мектептерінен коронавирус дертін жұқтыру жағдайлары тіркелді.

Сонымен қатар, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгина ауылындағы мектептердің бірінде кезекші сыныпта білім алып жүрген екінші сынып оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік.

Кейінірек, ШҚО-да тағы да вирус жұқтырған үш оқушы науқас тіркелді.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстанда да 12 оқушыдан коронавирус анықталды.

Сондай-ақ, Павлодар облысында 9 оқушының қауіпті дертті жұқтырғаны белгілі болды. Олардың төртеуі – мектепке барып жүрген балалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876958-kazakstanda-kzgi-kanikul-kasan-bastalady/

pixel