Түркістан облысында мақта тиелген КамАЗ түгі қалмай жанып кетті (видео)
Опубликовано:

Түркістан облысында жол бойында КамАЗ жүк көлігі тиелген мақтасымен бірге өртеніп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 29 қыркүйек сағат 08:40 шамасында Бәйдібек полициясының кезекші бөліміне Екпінді ауылынан өтетін Самара-Шымкент тасжолында КамАЗ автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
Аталған хабарлама бойынша тез арада оқиға орнына жедел-тергеу тобының жеткенін белгілі болды.
Тәртіп сақшыларының тексеру барысында анықтағаны: Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің басқаруындағы КамАЗ жүк көлігіне қосымша жалғанған жүк тиегішімен 12 тонна мақта артып келе жатқан. Сол уақытта сырттан адамдар тоқтатып, көліктен түтін шығып жатқанын жеткізіпті. Көлікті бірден тоқтатқан жүргізуші жүк тиегіштегі мақта отқа оранып жатқанын аңғарған.
Осылайша, бірден өрт сөндірушілерге хабар береді. Сол жердегі жолаушылардың көмегімен жүк көлігінің артына жалғанған жүк тиегіші ажыратып алған.
Өрт салдарынан жүк көлігі алты тонна мақтамен толық өртеніп кеткен. Ал, қалған алты тонна мақтадағы енді басталған жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтады. Аталған жайт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысында екі ағайынды жігіт жергілікті тұрғынға қол жұмсағанын, тіпті оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876964-trkistan-oblysynda-makta-tielgen-kamaz-tgi-kalmaj-zanyp-ketti-video/