Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой өзге елдермен әуе байланысын жандандырмауды ұсынды

Опубликовано:

Алматы әуежайы 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың елге сырттан кіруіне жол бермеу үшін өзге елдермен әуе байланысын жандандыруды тоқтату туралы ұсыныс жасады. Сондай-ақ, ол Түркияға рейстер санын қысқартуды ұсынып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр бұл туралы үкімет отырысында мәлімдеді.

"Инфекцияның сырттан кіруін және таралуын болдырмау мақсатында 5 қазаннан бастап өзге елдермен әуе байланысын жандандыруды тоқтату, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдерге, соның ішінде Түркияға рейстер санын қысқарту ұсынылды", – деп атап өтті Цой.

Ол екінші санаттағы елдер – БАӘ, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Украина, Германия, Ресей, Тәжікстан, Беларусьтен келетін адамдар үшін келесі талаптар енгізуді ұсынды – ұшып келгенде дене қызуын өлшеу, сауалнамадан өту, 3 тәуліктен аспайтын мерзім ішінде коронавирусқа тексерілгені туралы анықтамасының болуы.

Егер ондай анықтамасы болмаса, жолаушы екі тәулікке карантиндік стационарда оқшауланады. ЕАЭО елдері мен Өзбекстан арасындағы шекараларда осындай талаптар бекітілген.

Айта кетейік, 27 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға рейстер қайта жанданған еді. Елдер арасындағы әуе қатынасы тамыздың басында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тоқтатылған.

Сондай-ақ, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшлілігі қазақстандықтардың елге кіру ережелерін түсіндірген еді. Әуе бекеттері арқылы кез келген адам шекарадан өте алады. Дегенмен, коронавирус жоқтығын растайтын анықтама болуы міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876977-coj-zge-eldermen-ue-bajlanysyn-zandandyrmaudy-syndy/

pixel