Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда дүкен кассасынан 11 мың теңгені қолды қылған ұры ұсталды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: pexels.com

61 жастағы әйел Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының полиция бөліміне арызданды. Айтуынша, өзі жұмыс істейтін дүкендегі кассадан белгісіз біреу ақша алып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Хабарланғандай, оқиға Жезқазған қаласында болған. Қала полициясы дүкеннің кассасынан ақша ұрлаған деген күдікке ілінген адамды ұстады.

Қаладағы дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын полиция басқармасына ұрлық туралы арыз түсірген. Ол белгісіз ер адамның 11 мың теңгені кассадан алып кеткенін айтыпты. Ал ол кезде сатушы дүкенге келушілермен сөйлесіп тұрған екен.

Полиция күдікті азаматты бейнебақылау камераларынан анықтады. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты.

Күдікті ішкі істер органдарында мүліктік қылмыстар жасауға бейім адам ретінде тіркелген.

Сонымен қатар, ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке де тартылған. Полиция күдіктіні бірден ұстады.

Ұсталған ер адам қазір кінәсін мойындаған. Осыдан кейін ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мәліметтері тексеріліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінген еді.

Тергеу нұсқасы бойынша, елордалық банктердің бірінің менеджері бірнеше ай бойы қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттердің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Полицияның ақпарынша, ол салымшыларға арналған түрлі банк операцияларын жүргізе отырып, бір уақытта ақша ұрлаумен айналысқан.

Айта кетейік, Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың шағымдарынан кейін коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізген болатын. Қадағалаушы орган олардың қызметіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877075-zezkazganda-dken-kassasynan-11-my-tegeni-koldy-kylgan-ry-staldy/

pixel