Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай ешқашан болған емес": Атырау облысында мазар мен 12 зират қиратылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысы Қызылқоға ауданында қабірлер қиратылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы жергілікті Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 27 қыркүйек күні орын алды.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер Мәтен қожаның және тағы 12 қабірді талқандаған. Сонымен қатар қаскөйлер қасиетті жерлерге келетін жолаушыларға арналған үйді де өртепті.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков осы іске қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынның қолға түскенін хабарлады. Ол киелі жерге қарайтын шырақшының туысы болып шыққан.

"Ауыл тұрғындары шошып отыр. Мұндай ешқашан болған емес", - деді аудан әкімінің орынбасары.

Оның сөзінше, оқиғаға не себеп болғаны анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаровтың ұсталғаны белгілі болды.

Кейінірек, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұтқындау фактісін растады, алайда мән-жайды хабарламады.

Екі шенеунікте тергеу изоляторына қамалған. Іс "Қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара алу" бабы бойынша тергелді.

Айта кетсек, Нұрлан Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев оның ұсталуына байланысты әлеуметтік желісіндегі парақшасында түсініктеме берген еді.

Қорғаушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер оларға тағылған айыптың мәнін бірден түсіндіре алмағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877217-mndaj-eskasan-bolgan-emes-atyrau-oblysynda-mazar-men-12-zirat-kiratyldy/

pixel