Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жалақы алмаған жұмысшылар өздері төсеген асфальтты қопарып тастады

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда мердігер мекемеден айлығын ала алмаған жұмысшылар жаңадан жасалған жолды қопарып тастады. Олар осылайша жұмыс берушіден кек алмақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода наразы жандар басшылары ондаған миллион теңгеге көлік үй сатып алып, жалақыларын кешіктіргендерін мәлімдеген болатын.

"Ақшасын бермейді. Жұмыстың ақшасын ба? Өздері 40 миллионға джип алып жатыр, квартира алып жатыр. Бір 200 мың теңгені бермей жатыр ғой", - деді ашынған жұмысшылар. Оқиға "Мамыр-3" шағын ауданында тіркелген. Ауланы көріктендірген жұмысшылар айлықтарының уақтылы төленбегеніне шағымданған еді. Алайда мердігер мекеме өкілдері оның барлығы жалған ақпарат деп отыр.

Олардың айтуынша, қымбат көлік те, пәтер де сатып алмапты. Мәселе жұмысшылар өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармауынан туындады, дейді мердігер мекеме. Асфальтты дұрыс төсемегендіктен оны бұзып, қайта жасауды талап етіпті. Келтірілген шығынды еңбекақыларын ұстап, өздерін жұмыстан қуып жіберген.

"Ол дезинформация мене сіздерге айтайын менде барлық құжаттар бар. Ақшалары уақытылы төленіп жатыр. Ол дезинформация кеше төлеп, оларды бұл жұмыстан босатып жібердік", - деді мердігер мекеменің өкілі Дәрия Ыдырысова.

Ал Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудан бойынша биыл 205 ауланы көріктеніру жоспарланғанын жеткізді. Оған қала қазынасынан 4 миллиард теңге бөлініпті. Қазіргі таңда аудан бойынша 17 компания жұмыс істеуде екен.

Алайда мердігер мекемелердің жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды екен.  Жолдарды жөндегенде ешқандай технология сақталған жоқ, ал құрылыс қалдықтарының үстін топырақпен жауып қойды дейді .Ол жерге ағаш та, гүлде өспейді деп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін тұрғын үйлердің жанынан қазылған зират алматылықтардың мазасын қашырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Сағынтаев сауда орталықтарындағы сұлулық салондарының ашылу мүмкіндігін сөз еткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877237-almatyda-zalaky-almagan-zmyssylar-zderi-tsegen-asfaltty-koparyp-tastady/

pixel