Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Келімбетовке екі орынбасар тағайындады

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Әркен Өтенов
Фото: ҚР СІМ
Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды" , - делінген хабарламада.
Жаслан Мәдиев
Фото: primeminister.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовты жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындаған болатын.

Одан бөлек, 14 қыркүйек күні Тоқаевтың өкімімен Серік Жұмангарин екінші мемлекеттік органның басшылығына келді. Ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды.

Қазақстан президенті елімізде тағы екі жаңа ведомствоның құрылатынын тоғызыншы қыркүйекте мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877243-tokaev-kelimbetovke-eki-orynbasar-tagajyndady/

pixel