Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде ат тұяғының астында қалған төрт жасар балаға көмек қажет

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: prime.md

Семейде аула сыртында ойнап жүрген төрт жасар баланы үркіген ат таптап кетті. Жылқы тұяғынан зардап шеккен төрт жасар баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр халде емханаға жеткізілген бүлдіршін бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Балақайдың әке-шешесі бұл іске немқұрайлы қараған жергілікті полицейлерге өкпелі. Олардың айтуынша, тәртіп сақшылары жылқының иесін табатын түрі жоқ.

Оқыс жағдайа «Шығыс» кентінің саяжайында болған. Көшенің жиегінде жайылып жүрген жылқы аяқ асты үркіп, ойнап жүрген балаларға қарсы шапқан.

Жылқыны көрген ересек балақайлар қашып үлгергенімен, олардың арасындағы төрт жасар Александр Вангер аттың астында қалып қойған.

Балақайды дереу жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізеді. Ауыр дене жарақатын алған бүлдіршінге дәрігерлер екі мәрте ота жасаған.

"Дәрігерлер баламның жағдайын ауыр деп бағалады. Бауыры зақымдалған. Оның үстіне қабырғасы сынып, ішіне қан кеткен. Төрт күн жансақтау бөлімінде жатты. Содан бері бір апта уақыт өткенімен, жылқының иесін көрмедік. Ал баламның аяққа тұруына қыруар қаржы керек. Бізде дәрі-дәрмекке де ақша жоқ", - дейді Александрдың анасы Светлана Шац.

Тұрғындар болса, қараусыз көше кезген үйір жылқы қысы-жазы жұрттың мазасын алатынын айтуда.

"Осы жерде ылғи жылқылар жүреді. Осы арадан былай да, былай да өтеді, ешкім қарамайды. Бұның бақташысы болуы керек қой", - дейді зардап шегуші отбасының көршісі Жұмағали Жұматаев.

Ал полицейлер саяжай арасын кезген жылқылардың иесін іздеп жатқанын алға тартты. Олард малының баланы басып өткені дәлелденген күнде ғана күдікті әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлеуі тиіс екенін айтуда. Десе де жұрт полиция қызметкерлерінің сөзіне сенбейді. Себебі, айтуларынша, бұған дейін де жылқылар автокөлікті зақымдағанда, іс жылы жабылған екен.

Ал емханада қызуы түспей жатқан бүлдіршінге үшінші мәрте ота жасалуы керек. Баланың ата-анасы оның толық жазылуына қаржылай көмек қажеттігін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматы көшесінің қақ ортасында атқа мініп, тағам жеткізбек болған жігіт жұртты таңырқатқанын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан тұрғынын сиырлар итімен қоса қуғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877248-semejde-at-tagyny-astynda-kalgan-trt-zasar-balaga-kmek-kazet/

pixel