jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елімізде бір күнде 179 адам КВИ белгілері бар пневмонияға шалдықты

Тестілеу ковид 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ COVID-19 індетінен 3 адам және пневмониядан 2 науқас көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат пайда болды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32 979, 355 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 242-ге жетті.

Қазіргі уақытта 3 303 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда, олардың ішінде 56 бала бар. Стационарларда – 1 813, ал амбулаториялық деңгейде 1 495 науқас ем алып жатыр.

94 адамның жағдайы ауыр, 13-і аса ауыр хәлде, 21-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулік ішінде тағы 71 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Статистика Шығыс Қазақстан облысы аурудың күн санап көбеюі бойынша көшбасшы болып қалатынын көрсетеді. Қыркүйектің соңғы күнінде аймақта коронавирустың 16 жаңа жағдайы расталған.

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 979 адамға жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцинаның жыл соңына дейін сатылымға түсу мүмкіндігі хабарланды. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

Елімізде бір күнде 179 адам КВИ белгілері бар пневмонияға шалдықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.