Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер бетінде коронавирус жұқтырғандар саны 34 миллионнан асып кетті

Опубликовано:

тәжвирус 11
Көрнекі фото: pixabay.com

Жер бетінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 34 миллионнан асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джонс Хопкинс атындағы университеттің деректеріне сүйенсек, жер бетінде 34,2 миллионнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, миллионнан астам адам қайтыс болды.

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі АҚШ-та (7,2 млн адам) тіркелен. Екінші орында 6,3 млн адам ауырған Үндістан, үшіші қатарда 4,8 млн адам тіркелген Бразилия тұр.

Коронавирустан қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша да АҚШ көш басында тұр. Мұнда пандемия басталғалы бері 207,7 мың адам көз жұмған. Ал Бразилияда 144,6 мың адам, Үндістанда 98,6 мың адам коронавирус құрбанына айналған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

"Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен коронавирус расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!" - деді Трамп.

Кейінірек, АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен бірге, Американың бірінші ханымына да осындай диагноз қойылған.

Ал елімізде өткен тәулікте 65 адамның ПЦР тесті оң нәтиже көрсеткен. Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 108 044 адамға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877445-zer-betinde-koronavirus-zktyrgandar-sany-34-millionnan-asyp-ketti/

pixel