Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ұзақ жылдар бойы халықты үрейде ұстаған қылмыстық топқа үкім шықты

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Мұнайлы ауданының тұрғындарына қатысты ауыр қылмыстар жасаған үш адамға сот үкімі шықты. Жәбірленушілер ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне шағымы жоқ екенін айтса да, Маңғыстау облыстық соты оларды кінәлі деп тауып, біраз жылға соттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Іnaktau.kz порталының жазуынша, айыптау қорытындысының материалдарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға "ТТС" атауымен танымал ұйымдасқан қылмыстық топ 2018  жылдың мамырынан 2019 жылдың шілдесі аралығында Мұнайлы ауданының аумағында қоғамдық тәртіпке, меншікке, адамдарға қатысты ауыр және аса ауыр бірқатар қылмыс жасады.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, үш сотталушы, соның ішінде қылмыстық топтың лидері де, адам өлтіру, қоқан-лоқы көрсету, пара бопсалау, бұзақылық, қаруды заңсыз сатып алу және сақтаумен байланысты эпизодтар бойынша жауапқа тартылған.

Айыптау тарапы сотталушылардың кінәсі барлық бап бойынша толығымен дәлелденгенін мәлімдеп, қылмыстық топ мүшелерін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал қорғаушы тарап келтірілген айғақтармен келіспей, соттан топ мүшелерін ақтауды өтінді. Жәбірленушілер болса, сотталушыларға шағымы жоқ екенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Іс материалдарын қарап, сот үш адамды айыпты деп таныды. Нәтижесінде қылмыстық топтың басшысы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал сыбайластары тиісінше 14 және 15 жылға сотталды.

"ТТС" ұйымдасқан қылмыстық тобының ұсталғаны туралы былтыр шілде айында белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877644-magystauda-zak-zyldar-bojy-halykty-rejde-stagan-kylmystyk-topka-kim-sykty/