Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмыста құқық бұзуға бейім адамдар анықталды

Опубликовано:

Жұдырық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысының аумағында 1 қазаннан бастап полиция қызметкерлері тұрмыста құқық бұзушылыққа бейім адамдарды тексеруді бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметкерлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды, сондай-ақ тұрмысы қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Бірінші күні Ертіс өңірінің полицейлері 126 қолайсыз отбасын тексеріп, 95 қорғау нұсқамасын шығарды және мінез-құлыққа ерекше талаптар қойды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 65 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 44 ата-ана жазаға тартылды. Ұрып-соғу үшін жауапқа тартылған 15 отбасылық жанжал анықталды. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді қолданғаны үшін 125 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Маскүнемдік пен алкоголизм халықтың денсаулығына елеулі қауіп төндіреді, жеке адамның тозуына, заңсыз әрекеттер жасауға, отбасылық қатынастарды криминализациялауға және денсаулыққа қауіп төндіреді", – деді Полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Көбінесе “отбасы басшысының” қатысуымен әйелдер өз проблемалары туралы ашық айтудан қорқады. Дегенмен, полицейлердің сапарынан кейін өтініштердің саны артады. Сонымен , 30 жасқа толмаған әйел, үйлерді аралау кезінде ұрып-соғу іздерін құлау арқылы түсіндірді, бірақ кейінірек учаскелік инспекторға қоңырау шалып, үнемі ұрып-соғатынын айтты. Күйеуі оның таныстарын бақылайды, телефонды тексереді.

"Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Ең бастысы, отбасылық жанжалдардың қылмысқа әкелуіне жол бермеу", – деп қорытындылады Ғалым Дүйсенұлы.

Айта кеткен жөн, әйелін ұрып-соғуға құмар тирандар енді жақындарымен бір ай кездесу құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында таныстырылған заң жобасында көрсетілген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда кісі өлтіру, тонау және қаруды заңсыз сақтағаны үшін күдіктелген такси жүргізушісіне үкім жарияланғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877667-trmysta-kkyk-bzuga-bejim-adamdar-anyktaldy/

pixel