Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығын 20 млн теңге: Көкшетау тұрғындары алаяқтың құрбаны болғандарын айтты (видео)

Опубликовано:

алаяқ үрлама
Шағымданған көкшетаулықтар. Видеодан кадр: kokshetau.asia

Көкшетау тұрғындары өздерін алаяқтың құрбаны болдық деп есептейді. Енді олар тәртіп сақшыларынан кінәліні жазаға тартуды сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кокшетау Азия" жазуынша, қалалықтар жергілікті тұрғынның алдау жолымен мүлік және ақшаларын иемденіп алғанын мәлімдеген.

Ер адам құрбандарының сеніміне кіріп алып, бизнеспен айналысатынын айтқан. Кейінірек, сеніп қалған азаматтар оған ақшалары мен мүліктерін берген. Ал күдікті оңай олжаны қалауынша пайдаланған.

Көкшетаулықтардың сөзінше, өздерін алдаған ер адам 2013 жылдан бері 38 азаматты сан соқтырыпты. Сондай-ақ, келтірілен шығын ондаған миллион, тіпті жүз миллионнан асып кетуі мүмкін екені хабарланған.

Қалалықтардың айтуынша, аталған адам әлі де бостандықта. Басылымның жазуынша, қала тұрғындары өздерін алдап соққан адамның құқық қорғау органдарында қорғаушысы бар деп ойлай бастапты.

NUR.KZ редакциясы осы мәселе бойынша Ақмола облысы полиция департаментіне жүгініп, сауал жолдады.

Ведомствоның баспасөз қызметі алаяқтық деректері бойынша арыз түскен соң Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

Көкшетау полицейлері 39 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Алаяқтан алданған 8 жәбірленуші анықталған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 20 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта іс Көкшетау сотына жіберілген.

29 қыркүйекте болжалды алаяқтың құрбаны болған екі Көкшетау тұрғыны анықталған. Ер адам күдіктіні құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, 5 миллионнан астам ақша берген. Ал келіншек қаскөйге 10 млн теңге қарызға берген. Екі сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамап, оған қатысты кепілге алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді департамент.

Айта кету керек, бұл тергеу Полиция департаменті басшысының жеке бақылауында.

Еске сала кетсек, Алматыда 24 жастағы жігіттің ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке алынғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, бұған дейін танымал тележүршізуші алаяқтарға алданып, қыруар қаражатынан айырылып қалғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877751-alaakty-krbany-bolgan-kksetaulyktar-policiadan-kmek-srajdy-video/

pixel