Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ арсеналын ұрлау ісіне сот үкімі шықты

Опубликовано:

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ арсеналын ұрлау ісіне сот үкімі шықты
Сот. Видеодағы кадр: otyrar.kz

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ арсеналын ұрлауға қатысты шулы іс бойынша сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айыпталушылар орнынан 8 адам табылды: әскери бөлімнен қару алып қашқан әскери қызметші Абылай Балғынбай, сондай-ақ Қанағат Орынбек, Шыңғыс Шатаев, Санжар Бекжан, Бауыржан Дамиров, Бақдәулет Арын, Шадияр Қамбар, Бағдәулет Мәлік.

Істің басты айыпталушысы Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шыңғыс Шатаев болса 5 жылын түрмеде өткізетін болды.

Ал Шадияр Қамбар мен Бағдәулет Мәліктің әрқайсысына 8 жыл және Бауыржан Дамиров, Қанағат Орынбек, Бақдәулет Арын және Санжар Бекжан 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын орта режимдегі колонияда өтейді.

Еске салсақ, жақында прокурор олардың барлығын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Оған қоса, сотталушылардың өздері соңғы сөздерін айтты. Олардың бреуі отбасын жалғыз асырап отырғанын, кәмелетке толмаған екі баласының барын айтып, соттан жеңіл жаза сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы істің басы күдіктісі Абылай Балғынбаевқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруі сұраған. Бұрынғы кіші сержантқа бірқатар баптар бойынша айыптар тағылды. Соның ішінде әскерден қашу, қызметтің заңмен бекітілген ережелерін бұзу, қару мен оқ-дәрілерді ұрлау және заңсыз беру және сату бар.

Айта кеткен жөн, Абылай Балғынбаев қару-жарақты не себепті ұрлағанын түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877759-symkentte-skeri-blimnen-karu-zarak-arsenalyn-rlau-isine-sot-kimi-sykty/

pixel