Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алекс дауылы: Франция мен Италияда үйлер мен көпірлер су астында қалды (видео)

Опубликовано:

алексд
Алекс дауылы. Фото: Hugh Hastings/Getty Images

Франция мен Италиядағы нөсер жауын салдарынан он адам із-түзсіз жоғалып, тағы екеуі қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өткен демалыс күндері Франция мен Италияның шекаралас аудандары дауылдың астында қалды. Нәтижесінде өңірде рекорды деңгейде жауын-шашын жауып, су басты деп жазады CNN.

Алекс дауылы Франциядағы Ницца қаласының маңындағы бірнеше ауылда жайпап кеткен. Ницца мэрі Кристиан Эстрозия бұл 100 жылдағы ең ірі тасқын деп атаған. Жолдар мен 100 шақты үй қирап қалған.

"Мен бүгін көргенім көргенім үшін қатты есеңгіреп қалдым", - деді Францияның премьер-министрі Жан Кастекс. Ол зардап шеккен өңірлерді аралап болған соң баспасөз конференциясын өткізіп, қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін екенін айтты. Биліктің айтуынша, Францияда шамамен он адам жоғалып кеткен.

Екі елдің телеарналары да су астында қалған жолдар мен көпірлерді көрсетіп жатыр. Италияда екі адам, бірі өрт сөндіруші, екіншісі 30 жастағы ер адам қайтыс болған. Тағы бір италиялық жоғалғандар қатарында.

Пьемонт билігі Швейцария шекарасы маңындағы Самбугеттоға 24 сағат ішінде 630 мм жауын-шашын түскенін хабарлады. Пьемонт өңірінің басшысы Альберто Сирио төтенше жағдай жариялау керек екендігін айтты. Өзендегі су деңгейі біір тәулікте 3 метрге артқан.

Еске сала кетсек, тамыз айының соңында АҚШ-та "Лаура" дауылы тұрып, Луизианның кейбір аймақтарында дауылды толқындар, құйынды жел мен су тасқыны болған. Ал желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1877763-aleks-dauyly-francia-men-italiada-jler-men-kpirler-su-astynda-kaldy-video/

pixel