Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таулы Қарабақ президенті Әзірбайжанға үндеу жасады

Опубликовано:

Қарабақ президенті
Араик Арутюнян. Фото: aysor.am

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян Әзірбайжанға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Ол жақында Степанакерт қаласында болған атыстарға байланысты Қарабақ әскерилері соғыс қимылдарын Әзірбайжан аумағының ішіне қарай ауыстыруға мәжбүр болатынын мәлімдеді.

"Бейбіт халық арасында өлім-жетімді болдырмау үшін террористік армияларыңыз орналасқан елді мекендерді босатыңыздар", – деп келтірді Арутюнянның сөзін WarGonzo Telegram-арнасы.

Айта кетсек, 27 қыркүйекте Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштерінің әрекетіне «қарсы шабуыл» бастайтындарын мәлімдеген.

Өз кезегінде Таулы Қарабақ елді мекендерге, соның ішінде Степанакертке артиллериялық шабуыл жасалғанын жеткізді.

Әскери іс-қимылдардың нәтижесінде екі тараптан да әскерилер мен азаматтар қаза болды.

Еске салсақ, Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Осыдан кейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Армения халықтарына "мағынасыз қантөгісті тоқтатуға" үндеу тастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877807-tauly-karabak-prezidenti-zirbajzanga-ndeu-zasady/

pixel