Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/shymkent.airport

Шымкент қаласының әуежайы сатылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Электронды сауда платформасының сайтында осындай ақпарат орналастырылған. Оған сәйкес, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланды. Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланғаны белгілі болды.

Әуежайдың болашақ иесі үшін бірқатар шарттар қойылған:

  • сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау;
  • сенімгерлік басқару кезеңіне кем дегенде 6,0 млрд теңге инвестиция салу;
  • әуежайдан маршруттық желіні дамыту есебінен объект ұсынатын жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту және тағы басқалар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркияның TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайының жүз пайыз акциясын 415 миллион долларға сатып алғанын жазған едік.

Қала әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде он бесінші болып тұрғаны анықталды.

"Қазақстан географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ірі ел. Алматы – ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы тұтынылатын үлкен қала. Одан басқа "заманауи Жібек жолының", яғни, Қытай, Еуропа, Африканы байланыстырып тұрған ірі орталық. Оның әлеуеті зор. Біз өзіміздің білімімізге сүйеніп, іс-әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз", - дейді холдингтің президенті және абс директоры Сани Шенер.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Cұлтан қаласы әуежайының үш әріптік коды өзгергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877830-symkent-uezajy-satylymga-sygaryldy/

pixel