Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қашықтықтан оқып жүрген 7 бала коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

қашықтықтан оқу1
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Алматы қаласында өткен айда қашықтықтан оқып жүрген жеті оқушыдан коронавирус аықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қыркүйекте мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырудың 7 дерегі тіркелген. Олардың барлығы қашықтықтан оқып жүрген балалар.

Эпидемиологиялық тергеу кезінде 4 оқушының вирусты туыстарынан жұқтырған белгілі болған. Тағы екеуі ЖРВИ белгілерімен ақ халаттыларға жүгінген. Әкімдіктің ақпаратынша, шипажай-курортта бронх демікпесін емдеу үшін барған жетінші оқушыдан да коронавирус анықталған.

Мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.

"Қалада инфекцияның тәуліктік өсім көрсеткіші өткен тәулікте 0,006%-ті құрады, таралу индексі 1-ден төмен. Ауруханалардағы орындардың 5%-інде ғана науқастар жатыр. Алматыда жағдай тұрақты, бұл шектеу шараларының нәтижесі. Қыркүйекте 165 адамнан коронавирус табылды, 194 адамда пневмония анықталды", - дейді Бекшин.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қашықтықтан сабақ оқып жатқан 73 баланың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, ол балалар бірінші тоқсанды аяқтаған соң эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданатынын жеткізді.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте жалпы 59 адамнан коронавирус анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877832-almatyda-kasyktyktan-okyp-zrgen-7-bala-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel