Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда сайлау нәтижелері жойылды

Опубликовано:

Қырғыз парламенті
Жогорку Кенеш. Фото: 24.kg

Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижелері жойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы елдің бас прокурорының міндетін атқарушы Алмамбет Шыкмаматовқа сілтеме жасаған 24.kg мәлім етті.

Шыкмаматовтың мәліметінше, сайлау нәтижелерін жою – оппозицияның негізгі талабы болған. Бұл талап орындалды.

"Әзірге біз жаңа сайлаудың мерзімін бекітпейміз. Басқа да шаруалар жетерлік", – деп атап өтті бас прокурордың міндетін атқарушы.

Бұған дейін Райымбек Матраимовты, Искендер Матраимовты және Тилек Матраимовты қамауға алу туралы санкция берілгені хабарланды. Бұдан бөлек, сайлау нәтижелерін бұрмалаумен айналысқандардың барлығы қамауға алынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін партия сайлауының нәтижелеріне наразы болған халық Ақ үйге басып кіргенін хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қақпасын бұзып кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алған.

Бұған қол жеткізу Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен келіссөз жүргізгеннен кейін мүмкін болыпты.

Сондай-ақ наразы топ басып алған Бішкектегі Ақ үйдің отқа оранғаны белгілі болды.

Кейін елдің төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1877965-kyrgyzstanda-sajlau-ntizeleri-zojyldy/

pixel