RU

Қырғызстанның танымал әншісі Мирбек Атабеков жұртпен бірге алаңға шықты (видео)

Мирбек Атабеков
Мирбек Атабеков. Фото: ru.reporter.kg

Қырғызстанда танымал әнші Мирбек Атабеков жарымен бірге митингке қатысып, алаңға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vesti.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған әнші жарымен бірге жұрттан қалыспай, алаңға шыққан. Ол қырғызстандықтарға мәлімдеме жасап, өз Instagram парақшасында жазба жариялады.

Әнші наразылық акциясына қатысушыларды арандатуға бой алдырмауға шақырды.

"Біз сайлау нәтижелерін мақұлдамаймыз. Әділеттікті, шындықты іздеп келдік. Бұл жерде біз елімізді қолдап, өз пікірімізді айтуға келдік", - деп мәлімдеді ол.

Әншінің жары да өз ойын ортаға салды.

"Бірінші кезекте біз бейбіт митингті қолдаймыз. Біз Қырғызстанның гүлденуін қалаймыз, әділетті, дұрыс сайлау өтеді деген үміттеміз", - дейді ол.

Сол арада Атабеков милицияны халыққа қолдау көрсетіп, жұртпен бірге болуға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған Қырғызстан халқы Ақ үйге басып кіргенін хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта мемлекет басшысының Бішкекте екенін жеткізді.

Ал сол арада алаңға шыққан митингке қатысушылардың бірі қаза тапқаны белгілі болды. Ол ауыр дене жарақаттарынан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877981-kyrgyzstanny-tanymal-nsisi-mirbek-atabekov-zrtpen-birge-alaga-sykty-video/