RU

ЭТД экс-қызметкері 30 млн теңге бопсалаған деген күдікпен қамауға алынды

30 миллион теңге алған экс-тергеуші
Видеодан кадр: facebook.com/kfm.mf.rk

Алматыда экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды деп жазады KAZ.NUR.KZ Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

ҚР ҚМ ҚМК ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлердің бірін алдап, сеніміне кіріп, оның 30 миллион теңгесін алып қойды деген күдікпен Алматы тұрғынын ұстаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам қитұрқы әрекеттерін жасау кезінде өзін Алматы облыс Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстырған.

Алаяқ қылмыс үстінде қолға түскен. Ер адам істеген қылмысын мойындап үлгерген.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы қаласы бойыша мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екені анықталды.
2017 жылы (күдікті - ред.) пара алғаны үшін сотталып, ЭТҚ-ден теріс себептермен қуылған", - деді ҚМК.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 1,7 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековқа сот үкімі шықты. Енді ол алдағы 8 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Айта кетсек, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков өткен жылы қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878058-etd-eks-kyzmetkeri-30-mln-tege-bopsalagan-degen-kdikpen-kamauga-alyndy/