Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай туралы мәлімдеді

Опубликовано:

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Отандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасын күзету қандай режимде іс асып жатқаны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне шекара қызметі әдеттегідей қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

"Біз қалыпты режимде жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге ешқандай өзгеріс жоқ", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тілшіден мемлекеттік шекараның қауіпсіздігі күшейтілді ме деген сұраққа комитет "жоқ, егер өзгеріс болса, хабарлам, құлағдар етеміз" деп жауап берді.

Еске салсақ, Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына көңілі толмаған мыңдаған наразы адам 6 қазанға қараған түні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің кабинетіне баса көктеп кірді.

Айта кетейік, 4 қазанда сайлау қорытындысына наразылық білдірген адамдар Ала-Тоо алаңына шығып, митинг өткізген болатын.

Оған қоса, Қырғыз парламенті мен президент аппараты жайғасқан Бішкектегі Ақ үйдің төртінші қабаты өртке оранды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп жеткен.

Сондай-ақ, Қырғызстандағы наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алды.

Ал бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878059-kk-kazakstan-men-kyrgyzstan-sekarasyndagy-zagdaj-turaly-mlimdedi/

pixel