Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз біреулер Қырғызстандағы ең ірі алтын кен орнын қоршап алды

Опубликовано:

Қырғызстандағы наразылық
Фото: Видеодан кадр

Белгісіз адамдар Қырғызстандағы ең үлкен алтын кен орны - Джеруйге кірді. Кен орнында жұмыс істеген компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg "Джеруй" өндірістік алаңында жұмыстар жүргізген "Альянс Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, тыйым салынған нысан аумағына белгісіз адамдардың енгені туралы хабарлайды.

"Альянс Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдай тұрақталғанға дейін нысандағы барлық жұмыстарды тоқтатуға мәжбүр", - деп келтіреді басылым кәсіпорын өкілдерінің сөзін.

Economist.kg басылымы нақтылап өткендей, компанияның барлық қызметкерлері үйлеріне шығарылды.

Басылым өндіріс орнында нақты не болғаны әзірге белгісіз екенін, алайда желіде пайда болған кадрлардан ол жерде тонаушылардың жүргенін атап өтті.

Сонымен қатар, порталдың хабарлауынша, алтынды қайта өңдейтін зауыт жақын арада Джеруй кен орнында жұмысын бастауы керек еді.

24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Джеруи - Қырғызстандағы екінші алтын кен орны. Баланстық қор - 80 тонна, баланстан тыс қор - 16,6 тоннаны құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда бірден үш облыстың басшысы қызметінен бас тартқанын жазған едік.

Парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған Қырғызстан халқы Ақ үйге басып кірген болатын. Қырғызстанда Ақ үйдің күл талқаны шыққанына күйінген белсенділер жанайқайын айтқан еді.

Сол арада Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеп, халыққа үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878089-belgisiz-bireuler-kyrgyzstandagy-e-iri-altyn-ken-ornyn-korsap-aldy/

pixel