Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның сайлау комиссиясы Жогорку Кенеш сайлау нәтижелерін жарамсыз деп таныды

Опубликовано:

Қырғызстанның сайлау комиссиясы Жогорку Кенеш сайлау нәтижелерін жарамсыз деп таныды
Фото: Nazir Aliyev Tayfur/Anadolu Agency via Getty Images

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 4 қазанда өткен Жогорку Кенеш сайлау нәтижелерін жарамсыз деп жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

ОСК шешімін комиссия мүшелерінің бірі Гүлнара Джурабаева растады.

24.kg басылымы жазғандай, Джурабаеваның айтуынша, өзін-өзі тарату мәселесі комиссия мүшелері арасында да талқыланған.

"Менің ойымша, осы сайлау науқанымен біз өзіміздің беделімізді түсірдік, сондықтан бұл жағдайда ең келісті әрі дұрыс шешім – бұл өкілеттіктерді мерзімінен бұрын тоқтату", – деді шенеунік БАҚ өкілдеріне.

Орталық сайлау комиссиясы онда ұсынылған фракциялардың квоталары негізінде Жогорку Кенештің құрамын қалыптастыратыны атап өтілген.

Қырғызстандағы парламент сайлауы 4 қазан күні өткен болатын. Оған 16 саяси партия қатысты. Есептеу бойынша 4 партияның жинаған дауысы 7 пайыздан асқан.

Олар: "Биримдик", "Мекеним Кыргызстан", "Кыргызстан", "Бутун Кыргызстан". Басқа партиялар қажетті дауыс жинай алмады. 5 қазанда түске қарай сайлау қорытындысымен келіспегендер Ала-Тоо алаңында митингіге шықты.

Жеңілген партия көшбасшылары биліктен сайлау қорытындысының күшін жоюды талап етті. Олардың пікірінше, сайлауда өрескел тәртіп бұзушылықтар болған. Кешке қарай "Ақ үйге" шабуыл жасаған митингіге қатысушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында қақтығыс басталды.

Қарсылық танытушылар 6 қазан түнде "Ақ үйді" басып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878090-kyrgyzstanny-sajlau-komissiasy-zogorku-kenes-sajlau-ntizelerin-zaramsyz-dep-tanydy/

pixel