RU

Өткен тәулікте елімізде тағы 66 адамнан коронвирус анықталды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте 66 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 108 362-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 66 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 11

Алматы қаласы - 6

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 2

Алматы облысы - 2

Атырау облысы - 6

Шығыс Қазақстан облысы - 14

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 3

Қостанай облысы - 2

Қызылорда облысы - 1

Павлодар облысы - 4

Солтүстік Қазақстан облысы - 8

Түркістан облысы - 2

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108362-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, кеше, 6 қазан күні елордалық әуежайға төрт ұшақ келіп қонды. 170 жолаушының ПТР тесті жоқ, кейбірінің мерзімі өтіп кеткен. Олардың барлығы стационарларға жіберілді.

Сондай-ақ, БАӘ мен Түркиядан оралған 22 адам COVID-19 індетіне ПТР тест тапсырудан бас тартқан. Дәрігерлер оларды бірнеше сағат бойы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысын орындауға көндірген.

"22 адам бас тартты, автобуста отырды және кіргісі келмеді. Біз көндіруге тырыстық, олар жанжал шығарып бағынбады. Себептері әртүрлі болды. Түнге дейін түсіндірген соң, карантиндік стационарға бір-бірден кіре бастады", – дейді "Рамада Плаза" карантиндік стационарының директоры Жұлдыз Данбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878198-tken-tulikte-elimizde-tagy-66-adamnan-koronvirus-anyktaldy/