Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың үстінен сотқа арыз түсті

Опубликовано:

Алексей Цой
Фото: azattyq-ruhy.kz

Ақтөбелік компания әрекетсіздік танытып отыр деп Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың үстінен сотқа шағым түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Время" газетіне сілтеме жасап.

Газет тілшісінің хабарлауынша, оқиға 2019 жылы Ақтөбеде Nefrolife Aktobe медициналық орталығы ашылған кезде басталған. Орталықтың жетекшісі әрі иесі бұрын “Ақтөбе БелАсу” ЖШС-де дәрігер болып істеген.

Бастапқыда осы екі ұйым арасында дау туындаған. Газеттің дерегінше, "Ақтөбе БелАсу” ЖШС Nefrolife Aktobe лицензиясын мемлекетке жалған құжаттар көрсету арқылы алған деп мәлімдеме жасаған.

Осыған байланысты, ЖШС Nefrolife Aktobe-ні лицензиясынан айыру туралы бірнеше рет Денсаулық сақтау министрлігіне есеп беретін мекемеге және тікелей Денсаулық сақтау министріне жүгінген. Бірақ бұл нәтиже бермепті.

Ақыр соңында “Ақтөбе БелАсу” ЖШС Алексей Цойдың үстінен сотқа арыз түсірген. Компания заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданбаған Денсаулық сақтау министрлігі басшысының әрекетсіздігін заңсыз деп тануды сұрайды.

Сонымен қатар талапкер министрден қол астындағы шенеуніктерге Nefrolife Aktobe лицензиясын тоқтату туралы нұсқау беруге мәжбүр етуді талап етіп отыр.

Азаматтық іс 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан сотының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралған.

Компания өкілі отырыс барысында Алексей Цойға жүгінген кезде ол өтінішті объективті және жан-жақты қарауды қамтамасыз етуге және заңды шешім қабылдауға ықпал етеді деп сенгенін айтты.

Алайда талапкердің дерегінше, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы істі жеке өзі тексермей, оны компания шағымданған қарамағындағыларға тапсырған. Арыз беруші аталған медициналық орталық ақтөбеліктердің денсаулығына зиян келтіретініне сенімді.

"Бәріміз және мен де медициналық мекемеге барамыз. Біз ешнәрседен қорғалмаған болып тұрмыз. Онда жұмыс істейтін адамдар дәрігер болмауы да мүмкін", - деді "Ақтөбе БелАсу” ЖШС өкілі.

Айта кету керек, министрдің өзі сот отырысына қатыспаған. Ол бұған дейін тиісті өтініш білдіріп, сот оны қанағаттандырған.

Алексей Цойдың орнына сотқа қатысқан өкілі бірнеше дерек келтірді. Министрлік өкілінің ойынша, талапкер министр әрекетсіздігінің нақты не екенін көрсетпеген.

Сондай-ақ ол ТКҚСҚБК қызметін бақылауға денсаулық сақтау вице-министрінің жауапты екенін атап өткен.

Цой өкілі айтқан үшінші аргумент - денсаулық сақтау саласындағы заңдылықтардың орындалуы және денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Сол себепті Ақтөбе облысының әкімшілігі бұл мәселемен айналысуы керек.

Сот үкімді ертең, 8 қазанда оқиды деп күтілуде.

Бұл ақпаратты "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен ғана пайдаланып, көшіруге болады.

Еске сала кетсек, Алексей Цой бұған дейін Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, министр 5 қазаннан бастап елімізде шектеу шаралары енізілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878258-densaulyk-saktau-ministri-aleksej-cojdy-stinen-sotka-aryz-tsti/

pixel