Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте тағы да митинг басталды: Наразы топ екіге бөлінген (фото, видео)

Опубликовано:

Митинг
Фото: 24.kg

Қырғызстанның астанасында тағы да митинг басталды - люстрацияны талап етушілер мен Садыр Жапаровтың жақтастары Үкімет үйінің алдына жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қазіргі кезде өзін премьер-министр деп жариялаған Садыр Жапаров пен төрт партияның жетекшілері отырған Үкімет үйінің алдына ондаған адам жиналып үлгерген.

Наразылық білдірушілер екі топқа - Жапаровтың жақтастары мен басқа партиялардың өкілдеріне бөлінгені атап өтілді. Жапаровтың жақтастары ғимараттың кіреберісін жауып тастады, ал оның тағайындалуымен келіспейтіндер ішке кіруге тырысуда.

Наразылар халық Жапаровты премьер-министр қызметіне сайламағанын алға тартып, экс-шенеуніктердің толық люстрациясын (бұрынғы биліктің шенеуніктеріне шектеулер қою) талап етті.

Митинг
Фото: kg.akipress.org

AKIpress басылымы наразылық білдірушілер арасында төбелес болғанын жазуда.

Жиналғандарға мән-жайды түсіндіру үшін Садыр Жапаровтың өкілі шығады деп күтілуде. Наразылық білдірушілер Жапаров пен партия өкілдерінің «Достук» қонақ үйінің алдына жиналғандың алдына шықпай, түнде артқы есіктен ғимараттан шығып кеткеніне ренжулі.

«Егер кеше бәрі заңды болған болса, онда неге тараптар өкілдері кеше артқы есіктен қашып кетті? Олар неден қорықты?», - деп басылым наразылық білдірушілердің бірінің сөзін келтірді.

Милиция
Фото: kg.akipress.org

Ғимараттың қасында тәртіп сақшылары пайда болғандығы атап өтілді.

Еске салсақ, Еуроодақ Қырғызстандағы наразылықтарға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878259-biskekte-tagy-da-miting-bastaldy-narazy-top-ekige-blingen-foto-video/

pixel