RU

Ғалымдар COVID-19 жұқтырған науқастарда пайда болатын жаңа синдромды атады

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Deccio Serrano/NurPhoto via Getty Images

Америкалық ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізе келе коронавирус жұқтырған науқастарда пайда болатын жаңа синдромды анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Зерттеу жұмысы авторларының бірі әрі Чикагодағы Солтүстік-Батыс мемориалды ауруханасының нейроинфекциялық аурулар және жаһандық неврология бөлімінің меңгерушісі Игорь Коральник коронавиру жұқтырған 10 науқастың сегізінде энцефалопатияны қоса неврологиялық симптомдар байқалатынын айтады.

"Психикалық функциялардың жеңіл дезориентациядан комаға өзгеруімен сипатталатын энцефалопатия - COVID-19-дың ең ауыр неврологиялық көрінісі болып табылады", - дейді маман.

Сондай-ақ, Коральник симптомдардың ішінде бас ауру мен айналуын, бұлшықет ауырсынуды ерекше атап өтті.

Ғалым әріптестерімен бірге коронавирустың ұзақ мерзімді неврологиялық әсерін зерттеуге ниетті екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Франциядағы Монпелье университетінің оқытушылары мен ғалымдары коронавирус инфекциясын тоқтатын тағамдарға зерттеу жасай келе орамжапырақтың қауіпті дертті "өлтіретін" қасиеті бар екенін анықтаған еді.

Сондай-ақ бұған дейін АҚШ-тың Рочестер университеті маусымдық суық тиюдің коронавирусқа қарсы тұра алатынын анықтаған болатын.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 108 362-ге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878328-galymdar-covid-19-zktyrgan-naukastarda-pajda-bolatyn-zaa-sindromdy-atady/