Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ өкілі: Біз күткен нәтиже болмай отыр, науқастар саны қайта өсуде

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қазақстандықтар санитарлық талаптарды сақтамаса, қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде. Егер азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін", - дейді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 66 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 108 362-ге жеткен белгілі болды.

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирустан жазылғандар саны 103 465-ге жеткен.

Сонымен қатар, бүгін мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Онда президент еліміз жаз айларында дәрі-дәрмек тапшылығын айқын сезінгенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, осыған сәйкес нақты жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, екі айға жететін қор жасақталып, ең қажетті деген дәрі-дәрмектің тізімі ұлғайтылған.

Препараттарды шетелдерден әкелу және тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Алайда мемлекет басшысы өңірлерде дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорларының көлемі және дайындық жұмыстары біркелкі емес екенін атап өтті.

Сондай-ақ президент емханалары мен ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атап, жіберілген кемшіліктерді дереу түзетуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1878377-dsm-kili-naukastar-sany-kajta-sude/

pixel