Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккендер саны мыңнан асты

Опубликовано:

Митинг
Митинг. Фото: Sputnik Қырғызстан

Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік орын алып, салдарынан зардап шеккендер саны мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости-дің Қырғызстан денсаулық сақтау министрлгі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, елде 1002 адам тәртіпсіздіктен зардап шеккен.

"Қазіргі уақытта зардап шеккендер саны 1002 адамды құрайды, бір адам қайтыс болды", - дейді министрліктің ресми өкілі.

Оның сөзінше, 797 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен соң амбулаторлық жағдайда ем алуға жіберілген. Ал 204 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Наразы жұрт Ақ үйді басып алып, сонымен қатар қамауда отырған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бостандыққа шығарып алды.

Бастапқыда шерушілердің полициямен қақтығысынан 120-дан аса адам зардап шеккені хабарланды.

Кейінірек наразылық акциясынан зардап шеккендердің саны өскені, бір адамның қайтыс болғанын хабарланды.

Айта кетсек, қырғызстандық сарапшылар Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек деп есептейді. Олай болмаған жағдайда Жогаргу Кенеш мүшелерінің кем дегенде 80 дауысымен легитимді президентке импичмент жариялануы мүмкін.

Ал кейін Қырғызстан депуттары президентке импичмент жариялау туралы бастама көтергені хабарланды. Алайда олар толықтай дауыс жинай алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1878507-kyrgyzstanda-zappaj-trtipsizdikten-zardap-sekkender-sany-mynan-asty/

pixel