Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы тас жолда 40-тан астам көлік қар құрсауында қалды (фото)

Опубликовано:

Қар құрсауында қалған көліктер
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Бүгін 40-тан астам автокөлік Өскемен-Риддер тас жолындағы Михайловка және Секисовка ауылдары маңында бұрқасын мен көктайғақ салдарынан қар құрсауында қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қырықтан астам көлік қолайсыз ауа райының салдарынан жолда қалған.

Мәселен, бір көлік жүріп келе жатып жолдан тайып кеткен. Ішінде 2 ересек адам мен 3 бала болған.

Қар құрсауында қалған көліктер
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Глубокое ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осы жолаушыларды дереу шығарып алып, Быструха ауылындағы үйлеріне жеткізген.

Құтқарушылар жолда қалған жүргізушілерді құтқару жұмыстаррын жалғастыруда.

Департамент өңірде дабылды ескерту жарияланғанын айтты. Тұрғындарға облыста боран мен көктайғақ болады деп хабар берілген.

ШҚО ТЖД азаматтарға аса қажеттілік болмаса елдімекеннен шықпауға кеңес береді. Егер жолға шығу қажет болса онда азаматтар өздерімен бірге күрек, өрт сөндіргіш, арқан, дәрі қобдишасы, жылы киімдер мен қосымша жанармай алып шығуы керек.

Еске сала кетсек, Алматы облысында қалың қардың салдарынан 25-тен астам көлік кептеліп қалған еді. Жазғы дөңгелегі бар көліктер тас жолдың биік белесіне шыға алмай, кептеліп қалғандықтан, ондағы адамдарды шұғыл эвакуациялауға тура келген.

Айта кетсек, қазіргі уақытта елімізде қар жылдағыдан ерте түсіп жатыр. Мәселен, кеше Нұр-Сұлтан қаласына қар жауса, алдыңғы күні Алматының таулы аймақтарына алғашқы ақ ұлпа түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878529-sko-dagy-tas-zolda-40-tan-astam-klik-kar-krsauynda-kaldy-foto/

pixel