Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық альбинос қыз америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті

Опубликовано:

Ақтаулық альбинос қыз америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті
Фото: instagram.com/assel_kamila

Ақтаулық ерекше келбетімен танылған альбинос қыз Әсел Қалағанова шашқа арналған америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бір минуттық бейнекроликте Ақтаудан бөлек, еліміздің басқа да әдемі жерлері түсірілген. Операторы – кино индустриясындағы танымал клипмейкер Азамат Дулатов. Видео әлеуметтік желіде жариялана салысымен желі қолданушыларының оң бағасын алды.

Ақтаулық альбинос қыз америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті
Фото: instagram.com/assel_kamila

Ақтаудағы Қалағановтар отбасындағы ерекше екі қыз дүниеге келген. Әсел мен Камиланың арасы 13 жас. Жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады.

Ақтаулық альбинос қыз америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті
Фото: instagram.com/assel_kamila

Бір қызығы, олардың бауыры Алдиярда мұндай ерекшеліке жоқ. Жаратылысы бөлек қыздар бүгінде көптің назарында. Мәселен, Әсел Қалағанова 10 жасынан модельдік мектепте оқып, бірнеше рет жарнама түскен.

Еске салсақ, Индонезияда тұратын тайпалардың бірі ерекше әдемі көз жанарына ие болудың арқасында әлем жұртшылығының назарына ілікті.

Оған қоса, бұған дейін сырт келбеті ерекше балалар жұртты таңдандырғанын жазған едік. Дүниеге сәби келген кезде көпшілік оның кімге ұқсағанын талқылай бастапты. Бірі оны анасына ұқсатса, бірі әкесіне ұқсатқан. Алайда табиғат сәбиді туысқандарының ешбіріне ұқсатпай, ерекше етіп жарататын кездер де болады.

Сондай-ақ, егер бұрын соңды ерекше келбетпен дүниеге келген альбинос адамдардың бастарынан дау арылмаса, бүгінде бәрі өзгерді. Альбинизм қазіргі таңда сән әлемінің трендіне айналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878571-aktaulyk-albinos-kyz-amerikalyk-nimni-zarnamalyk-roligine-tsti/

pixel