Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Итпен ит болмайын дедім": Балаларын күйеуінен ала алмай жүрген әйел жанайқайын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

Бала-шағасын шырылдатып, күштеп көлікке мінгізбек болған әйелдің оқиғасы өз жалғасын тапты. Маңғыстаулық көп балалы ана Жанар Хамзеева өз шындығымен бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы жолдасы перзенттерін әдейі қарсы қойған. Сонымен қатар, мұндай қадамға алимент төлемеу үшін барып отыр дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанар Хамзеева үш баласын бірнеше айдан бері қайтара алмай жүргендіктен, бұндай қадамға шарасыздықтан барғанын айтады.

"Мен сенен баланы тартып аламын, баламды саған көрсетпеймін, бала сенен безіп тұр! Сен дәлелдей алмайсын, сондай әңгімелерді айтты. Мен айттым заң бар, сот бар. Мен анамын және балаларымды тастаған жоқпын! Өтешпаевтың маған берген 1000 теңгесі жоқ!" - деді ол.

Көп балалы ана Атырауда жұмыс істейді. Бірнеше жылдан бері екі үйдің ортасында қатынап жүрген.

Балалардың қамы үшін күн-түні еден жуып, нәпақа тауып өмір сүрдім, дейді ол.

Айтуынша, күйеуі үйіне көк тиында әкелмеген. Ал ажырасқаннан кейін балаларды тартып аламын деп жиі сес көрсетіп, қорқытыпты.

"Өтешпаев алименттен қорқып отыр. Ол балаға қарамайды, алдын-ала айттым. Балаларымды бер, ештеме керек емес деп. Маған балаларыңзы көрмейсің деді. Мен саған көрсетпеймін, сөйлестірмеймін. Карантин ғой, звондағанда жауап бермейді. Итпен ит болмаймын деп, адамшылыққа салдым. Бейнеуде оқыған балаларды Ақтауға алып кетіпті", - деді Жанар.

Ал балалардың әкесінің айтар уәжі мүлдем бөлек. Орынбасар Өтешбаевтың сөзінше, бұрынғы әйелі 5-6 айлап Атырауға кетіп қалады екен.

Баласы ауырғанда да хабарласып жағдайын сұрамады, дейді. Тапқан табысын да көрмегенін жеткізді.

"Бұл жерде мен алимент төлеуден бас тартып отырғаным жоқ. Алименттен төлейтін жағдай болса мен төлеймін. Өзінің үйіне төркінен 4-5 айлап кетіп қалады. Олар қараусыз болып қалды", - деді ер адам.

Сонымен қатар, әкесі балаларды анасына қарсы қойғанына келіспейтінін жеткізді.

"Балаларға егер де мен сөз үйреткен болсам, анаң жаман деп айтатын болсам, кешегі келгенінде ешкімге қарамастан барар еді анасына", - деді Орынбасар.

Ал заңгер Абзал Бекбосынов "Неке бұзу туралы" заңда баланың тәрбиесіне екі жақтың да міндеті бір екенін атап өтті. Яғни құқықтары тең. Десе де заңға сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балалар анасының қолында қалуы тиіс дейді.

"Ал 11 жасқа дейін сотқа жүгініп сот шешімін шығарады. Әкесінде де қалуы, не анасында қалуы, неке туралы 62-бапта көзделген. Балалардың қалуы 11 жасқа толмаған жағдайда анасының құқығында", - деді заң саласының маманы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында отбасылық жанжал түсірілген видео әлеуметтік желіде кең таралды. Ажырасып кеткен әйел күйеуімен бірге тұрып жатқан балаларын алып кетуге келген. Алайда, жасөспірімдер анасымен бірге тұрудан бас тартқанымен, әйел оларды алып кету үшін күш қолданған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878754-itpen-it-bolmajyn-dedim-balalaryn-kjeuinen-ala-almaj-zrgen-jel-zanajkajyn-ajtty/

pixel