Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шекара қызметі Қазақстан шекарасынан кімдер өте алатынын айтты (видео)

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pexels.com

ҰҚК шекара қызметі Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтудің қолданыстағы ережелерін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Шекара қызметі қызметінің Шекара бақылау департаментінің қызметкері Ерлан Данияров видео-хабарламада қазіргі ережелер коронавирустық пандемияға байланысты шектеулермен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ереженің қолданыстағы нұсқасын Қазақстан үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мақұлдаған.

Сонымен, қолданыстағы ережелерге сәйкес, келесі санаттағы азаматтарға Қазақстан Республикасының шекарасынан өтуге рұқсат етіледі:

  • ҚР азаматтары еш кедергісіз елге оралады;
  • Шетелдіктер ел сыртына шыға алады;
  • Сондай-ақ, еш кедергісіз ел шекарасынан өте алады: ұшақ, пойыз бригадасы мен теңіз кемелерінің экипаждары, жүк көлігі мен трансшекаралық мекемелердің қызмет көрсететін персоналы және дипломаттар;
  • Қазақстан азаматтары қазір әуе байланысы қалпына келтірілген елдердің аумағына баруға құқылы: Беларусь, Нидерланды, БАӘ, Оңтүстік Корея, Германия, Мысыр, Украина, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан;
  • Жоғарыда аталған елдердің азаматтары, егер басқа келісім халықаралық шарттарда көзделмесе, Қазақстанға визалық талаптарды сақтай отырып кіре алады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта басқа елдердің азаматтарының Қазақстанға кіруіне арнайы талаптар бар екендігі хабарланды.

Карантиннің жеңілдетілуі аясында 3 қыркүйектен бастап шетелдік азаматта міндетті түрде Қазақстан әуе қатынасын қалпына келтірген елдің азаматтығы болуы керек деген талап алынып тасталған.

Мәселен, Германия азаматы, визасы болған жағдайда, БАӘ-ден Қазақстанға тікелей әуе рейсімен қандай да бір шектеусіз ұшып келе алады.

Рұқсаты бар кез келген өзге елдің азаматтары (оқуға, отбасына баруға, емделуге) Қазақстанға кіре алады.

Данияровтың айтуынша, 6 қазаннан бастап шетелдіктер Қазақстанға келген кезде өзімен бірге мерзімі 72 сағаттан аспайтын коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-анықтамасы болуы қажет.

Егер анықтама болмаса, шетелдіктер Қазақстанға кіре алмайды, ал қазақстандықтар карантиндік ауруханада екі күн жататын болады.

Шекара қызметіне қатысты кез келген сауал бойынша 719-111 нөміріне, сондай-ақ, Instagram желісіндегі ресми парақшаға хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанға келетін жолаушыларға жаңа талаптар енгізілгенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпауды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878773-sekara-kyzmeti-kazakstan-sekarasynan-kimder-te-alatynyn-ajtty-video/

pixel