Әскери теңізшілер Каспий теңізі бойынша жиын-жорық жасады
Опубликовано:

"Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" және "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында еліміздің әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы бойынша жиын-жорық жасады.
Экипаждар әскери кемелер мақсатына сәйкес тапсырмаларды шешетін жүзу аймағын зерттеді.
Теңізшілер корабльдік жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтады. Сонымен қатар, әуе және су үсті нысаналарына оқ жаудырды.

"Мұндай жорықтар жеке құрамға тәжірибелік және теориялық дағдыларды игеруге, кемелер экипаждарының теңіз машығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті жиын-жорықтың жетекшісі, Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.

Оның айтуынша, кемелер экипаждары қойылған міндеттерді толық көлемде орындады. Науқан алдында кемелер мұқият тексеріліп дайындалған. Бұған дейін Қазақстан ӘТК кемелері ағымдағы жылдың маусым айында жиын-жорыққа шыққан болатын.

Жалпы биылғы оқу жылында, қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Қазақстанның Әскери-теңіз күштері теңізге 27 рет шығып, 6200-ден астам теңіз милін жүріп өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878801-skeri-teizsiler-kaspij-teizi-bojynsa-ziyn-zoryk-zasady/