Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-дағы қала не себепті карантинге жабылғаны белгілі болды

Опубликовано:

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев қаласының не себепті карантинге жабылғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы екі аптада бұл ауданда COVID-19 жұқтырудың 24 жағдайы анықталып, оның 15-і Булаев қаласында тіркелген.

Коронавирустың пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы аймақтық комиссия отырысының хаттамасы негізінде елді мекендерде 3-5, ал аудан орталықтарында 7-ден көп вирус жұқтырғандар анықталса карантин енгізіледі.

Осыған байланысты ауданның бас санитар дәрігері Булаевта шектеу шараларын енгізу туралы қаулы қабылдаған.

Еске сала кетсек, бүгіннен бастап Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында қатаң шектеу шаралармен қатар, кіруге және шығуға тыйым салынған карантин енгізілгенін хабарлаған едік.

Тиісті жарлыққа облыстың бас санитар дәрігері қол қойған. Шектеу 9 қазан күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын. Ол үш сценарийді атаған болатын.

Жалпы соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде өткен тәулікте 107 адамнан коронавирус анықталып, жалпы ауру жұқтырғандар саны 108 561-ге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878807-sko-dagy-kala-ne-sebepti-karantinge-zabylgany-belgili-boldy/

pixel