Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметтік борышын атқару кезінде қырағылық танытқан әскери марапатталды

Опубликовано:

әскери13
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қызметті атқару кезінде қырағылық танытқаны үшін ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" медальімен аға сержант Ғабылхамет Жұмаханов марапатталды.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында тәуліктік нарядта болған Ғабылахмет Жұмаханов әскери бөлім аумағында әскери мүлікті ұрлауға тырысқан бес бөгде адамды табады.

Сержанттың табанды әрі батыл әрекеттерінің арқасында қаскүнемдер ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды. Кейін анықталғандай, ұсталғандар ұзақ уақыт бойы іздеуде болған.

369
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бүгінде Ғабылахмет Жұмаханов жұмылдыру қызметінің бастығы қызметін уақытша атқарады. ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының әскери бөлімінің қолбасшылығы мен қызметтестері оны тәртіпті, жауапты әскери қызметші ретінде сипаттайды.

Өткен жылы Ғ.Жұмаханов бөлім сержанты құрамының қызметтік іс-әрекетін дамытуға және сапалы ұйымдастыруға үлес қосқан. Жағымды жаңылқпен жұбайы мен екі қызы бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878897-kyzmettik-borysyn-atkaru-kezinde-kyragylyk-tanytkan-skeri-marapattaldy/

pixel