Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иорданияда демалыс күндері тұрғындарға сыртқа шығуға толықтай тыйым салынды

Опубликовано:

Иордания1
Көрнекі фото: pixabay.com

Иордания билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін демалыс күндеріне шектеу шараларын қатаңдатты. Демлыс күндері тұрғындарға сыртқа шығуға толықтай тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, көшеде тек медициналық қызметкерлер мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізуші топтарға ғана жүруге рұқсат.

Полицейлер коменданттық сағатта тәртіптің сақталуын қатаң қадағалмақ. Мектептерде сабақ жұмадан бастап белгісіз уақытқа тоқтатылған. Студенттер қашықтан оқуға көшірілген.

Айта кетейік, Иорданияда коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап артып, 22 мыңға жуықтады. 144 науқас көз жұмды.

"Демалыс күндері коменданттық сағат енгізілгені дұрыс болды. Біздің топ емін-еркін эпидемиологиялық зерттеу жүргізе алады. Көшелер бос. Қажетті үйге кедергісіз жылдам жететін боламыз. Кейде коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандарды тексеру 5 күнге созылады. Себебі 1 адам 200-ге жуық адаммен байланыста болып үлгіреді. Шектек шарасының қатаңдатылуы өте орынды болды", - дейді эпидемиолог Аммар Мути.

Айта кетейік, елімізде де коронавирусқа байланысты шаралар күшейтілуде. Мәселен елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтілген.

Сонымен қатар СҚО-дағы Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласы карантинге жабылды.

Белгілі болғандай соңғы екі аптада бұл ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы анықталып, оның 15-і Булаев қаласында тіркелген.

Осыған байланысты ауданның бас санитар дәрігері Булаевта шектеу шараларын енгізу туралы қаулы қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878914-iordaniada-demalys-knderi-trgyndarga-syrtka-syguga-tolyktaj-tyjym-salyndy/

pixel