Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада коттежде интимді қызмет көрсетіп, массаж жасайтын салон анықталды (видео)

Опубликовано:

Массаж жасау процедурасы
Көрнекі фото: pxhere.com

Елордалық полицейлер түнгі рейд кезінде массаж бен интимді қызмет көрсететін коттеджді тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің назарына коттедж түскен. Мұнда массаж қызметін көрсеткені анықталды.

Полицияның айтуынша, салондағы қыздар клиенттерге тек қана массаж жасап бермей, ақысына интимді қызмет те көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, салонның иесі 26 жастағы қыз болған. Оған ғимаратты жезөкшелікке беру және шектеу шараларын бұзу бойынша айыппұл салынған.

Карантин бұзғандардың бәрі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Еске сала ктсек, бұған дейін елордада интимді қызмет көрсеткен массаж салоны анықталғанын хабарлаған едік.

Рейд кезінде екі коттеджде орналасқан "Резидент" және "Thai Boss" деп аталатын массаж салондары анықталды. Белгілі болғандай, салондарда интимдік қызметпен қатар боди массаж қызметтері де көрсетілген.

Тәртіп сақшылары 14 қыз, сонымен қатар салон әкімшісін ұстады. Олар бөлімшеге жеткізілген.

Қыздардың барлығы ақша табу үшін әртүрлі қалалардан Нұр-Сұлтанға келгені атап өтіледі. Олар Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878935-elordada-kottezde-intimdi-kyzmet-krsetip-massaz-zasajtyn-salon-anyktaldy-video/

pixel